
2025 жылы екі жаңа коллекциялық монетаны айналымға енгізу мәселесі бекітілді.
Наурызда 1000 теңгелік банкнота жаңа дизайнмен айналымға шығады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Ұлттық банкі басқармасының кезекті отырысында ақша және валюта нарығындағы жағдай туралы баяндама қабылданды.
"2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – GRIFFIN ("Көшпенділер аңызы мен мифтері" сериясынан) және OTYRAR ("Қазақстанды монеталар арқылы зертте" сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.