
Астана тұрғынына лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін сот үкімімен 240,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Кінәлі адам айыппұлды толық төлемегені үшін түрмеге қамалатын болды.
Прокуратур мәліметінше, кінәлі адам 196 миллион теңге мөлшерінде айыппұлды ішінара төлеу туралы сот орындаушысына түбіртектердің көшірмелерін табыстаған.
Алайда бұл сома мемлекет кірісіне түспегені, ал айыппұлдың төленбегені анықталды. Берілген түбіртек жалған екені расталды.
"Сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде сотқа жүгініп, ұсыныс қанағаттандырылды. Сотпен айыппұл жазасы жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Жалған түбіртектерді беру фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", – делінген прокуратура хабарламасында.