Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев "Ауыл шаруашылығы жануарларын ҚР аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды.
"Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 60 000 бас тірі ірі қара малды және 120 000 бас тірі қой мен ешкіні апаруға 6 ай мерзімге квота енгізілсін", – делінген бұйрықта.
Читайте также: Павлодар облысында жыл басынан бері жол бойында қараусыз жүрген 4500-ден астам ірі қара айып тұрағына қамалды
Мал басы бұл мөлшерден асып кетсе, олар карантинге қойылып, құзырлы органдар малға ветеринариялық сертификат беруді бұғаттайды.
Құжат бойынша, карантинге 60 мың бас бұқаны қоюға болады, оның ішінде:
- бордақылау алаңдары үшін – 30 мың бас;
- тауар өндірушілер үшін – 30 мың бас.
Ал еркек тоқтыларды карантинге қою димиті – 120 мың бас, оның ішінде:
- бордақылау алаңдары үшін – 30 мың бас;
- тауар өндірушілер үшін – 90 мың бас.
"Қазақстан аумағынан бұқаларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық мөлшері 500 бастан аспайды. Тауар өндіруші үшін бұл лимит 200 бастан аспайды. Еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит – 1000 бас, ал бір тауар өндіруші үшін – 500 бас", – делінген бұйрықта.
Бұйрық 23 маусымда күшіне енеді.