21 сәуірде Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Египетке ұшу басталады, деп хабарлайды mgorod.kz.
Жолаушылар Оралдан Мысырға бес күнде бір рет ұша алады. Рейстер қазан айына дейін жоспарланған.
"Оралдан шығатын әуе рейстерін көбейту – басты мақсатымыз. Сондай-ақ, өңір тұрғындарына ел ішінде сұранысқа ие бағыттар бойынша, сондай-ақ танымал шетелдік курорттар бойынша тікелей рейстердің қолжетімді болуын көздеп отырмыз. Египетке чартерлік бағдарламаның басталуы бұл мәселені шешудегі маңызды оқиға болды", – деді әуежайдың бас директоры Рустам Бектеміров.
Оқи отырыңыз: Qazaq Air 15 мамырда Астанадан Алакөлге әуе рейстерін іске қосады
Айта кетейік, өткен жылы жазда Түркияның Анталия қаласына маусымдық рейстер қосылған болатын. Биыл мамыр айында қайта жалғасады.