Тікелей эфир

2025 жылы қазақстандықтар қажылыққа отандық әуе компанияларымен де бара алады

Өткен жылы мұндай тізімге қазақстандық компаниялар енбей қалған болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы қажылық маусымында Қазақстан азаматтарын қажылыққа тасымалдайтын әуе компаниялары арасында өткізілген байқау қорытындысын жариялады. 

  • Негізгі тасымалдаушылар: қазақстандық Air Astana және Scat әуе компаниялары, саудиялық Flynas әуе компаниясы;
  • Қосымша, арзан қызмет көрсетушілер: Jazeera және Air Arabia әуе компаниялары. 

"Қажыларымыз Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтау қалаларынан ұшаққа отырып, Жидда (Мекке маңындағы қала) және Медина қалаларына сапар шегеді. Әуе тасымалдауды демонополизациялау арқылы ҚМДБ тарапынан қажыларға қолайлы жағдай жасалды. 2023 жылдан бері атқарылаған жұмыстың нәтижесі бойынша өткен жылдармен салыстырғанда қажылықтың әуе билетінің құны 300-400 АҚШ долларына дейін арзандады және қажылардың қалаған әуе компаниясымен сапарға шығуына мүмкіндік жасалды", – делінген ҚМДБ хабарламасында

Еске салайық, 2024 жылы қазақстандықтарды қажылыққа тасымалдаушылар арасында отандық әуе компаниялары болған жоқ. 2024 жылы қазақстандықтарды қажылыққа шетелдік Flynas, Jazeera және Turkish Airlines әуе компаниялары тасымалдаған болатын. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары