2025 жылы Қазақстан халқының несиесі 20,7 триллион теңгеге жетті

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Былтыр желтоқсан айында несиелердің көлемі 1,7%-ға өскен.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының несиесі 20,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Бір ай бұрын, яғни 2024 жылғы 1 желтоқсанда азаматтардың кредиттері 20,3 трлн теңге болған еді.

Агенттіктің мәліметінше, халыққа берілген кредиттер 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгеге жеткен. Былтыр желтоқсан айында несиелердің көлемі 1,7%-ға өскен. Десе де 2023 жылмен салыстырғанда (26,7%) бәсеңдеу бар.

"Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық несие 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%-дан 30,2%-ға дейін ұлғайды. 2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2 пайыздан баяулап, 33,5%-ға немесе 13,8 трлн теңгеге дейін өсті. Желтоқсанда өсім 1,9% болды", – делінген хабарламада. 

Желтоқсан айында бизнеске ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 19,7%, халыққа – 17,0% болды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары