USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

2025 жылы Алматының Алмалы ауданында 15 көше жөндеуден өтеді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
2024 жылы Алмалы ауданында автобустар саны 401-ден 523-ке дейін көбейді.

Биыл Алматының Алмалы ауданында 15 көше жөндеуден өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жол инфрақұрылымын жаңарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Оның айтуынша, өткен жылы ауданда 13,6 км болатын 15 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Биыл да осындай көлемде, яғни ұзындығы 11 км болатын 15 көше жөнделмек. Бұған қоса, 2024 жылы аудан әкімдігі ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 47 мың шаршы метр жол жабынын қалпына келтіріп, 8,9 км арық жүйесін салды. 2025 жылы тағы 25 мың шаршы метр жолды жөндеу және 12,5 км арық жүйесін салу жоспарланған.

"Тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында әкімдік қоғамдық көлік паркін үнемі жаңартып отырады. 2024 жылы Алмалы ауданында автобустар саны 401-ден 523-ке дейін көбейді. Бұл төрт жаңа маршрут ашуға және 43 маршрутқа қосымша автобустар шығаруға мүмкіндік берді", – деді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, қоғамдық көліктің қолжетімдігін арттыру және дамыту мақсатында биыл қала бойынша тағы 800 жаңа автобус сатып алынып, қала аудандарына бөлінеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары