
Сот қаулысымен екі ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Алматыда бопсалау күдігі бойынша ұсталған екі блогерді сот қамауға алу туралы санкция берген. Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.
"Бопсалау бойынша күдікті блогерлерге қатысты сот қаулысымен екі ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бір апта бұрын Алматыда екі блогер мен кәсіпкер ұсталды. Олар жергілікті тұрғыннан миллиондаған теңге бопсалады деп күдіктеліп жатыр.
Қауіпсіздік қызметкерлері күдіктілерге 10 миллион теңге берген қолға түсіру әрекетін сәтте жүргізді.