Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жандарға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5 пайызға артады.
"Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", – деп жазылған қаулыда.
Оқи отырыңыз:
- Атаулы әлеуметтік көмек: 1-6 жастағы балаларға қосымша ақша төленеді
- Аймағамбетов: Дарынды ғана емес, әлеуметтік осал топтағы балаларды да қолдау маңызды