Тікелей эфир

150 адам Ресеймен шекарадағы әскери жиындарға шақырылады

Олар ҰҚК шекара қызметінің Қостанай және ШҚО департаменттерінің базасында жаттығады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери міндетті 150 адамды Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ашық НҚА порталында жариялаған құжатының жобасынан белгілі болды. 

Әскери міндеттілер күнтізбелік 15 күн мерзімге шақырылады және екі облыстағы департаменттер бойынша 75-тен теңдей екіге бөлінеді. 

"Бұйрық жобасы 15 тәулік ішінде ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары департаменттерінің базасында (әр департаментте 75 адамнан) запастағы әскери міндеттілерді (150 адам) әскери білімге және машыққа үйрету үшін әскери жиындар өткізуге бағытталған", – делінген құжат жобасында. 

Еске салайық, биыл Қорғаныс министрлігі Қазақстанның әскери міндетті 3 мың азаматты әскери жиындарға шақыру туралы бұйрық шығарған болатын. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылы 3 мың адам әскери жиындарға шақырылады. Бұл өткен жылдан екі есе көп


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары