Қорғаныс министрінің 2024 жылы Қазақстанның әскери міндетті 3000 азаматын әскери жиындарға шақыру жөніндегі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін жарияланды.
Еске салайық, 2022 және 2023 жылдары 1500 азаматты әскери жиындарға шақыру хабарланып, тамыз – қазан айлары аралығында әскери жиындарға 300-ден астам адам тартылды. Олар Алматы, Қарағанды, Жетісу облыстарында заманауи қару-жарақтар мен әскери техникаларды қолдану тәсілдерін меңгерді.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери жиын кезінде оған шақырылған азаматтың жұмыс орны, лауазымы, орташа айлық еңбекақысы сақталады. Ал әскери жиын ақталған соң, азаматтар біліктілігін растау үшін емтихан тапсырады.
Оқи отырыңыз: 2024 жылы запастағы 752 офицер әскерге шақырылады. Бұл биылдан 2 еседен де артық