Тікелей эфир

15 сәуірде мектеп оқушыларының білімін бағалау басталады. Ата-ана не білуі керек

Бағалауға 150 мыңға жуық оқушы қатысады.

15 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады. Оған 2462 мектеп бойынша 4-ші және 9-сыныптарында оқитын 150 мыңға жуық оқушы қатысады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

ББЖМ арқылы оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ, оқу процесінің осал тұстарын анықтауға қол жеткізіледі. Оқушылардың білім сапасын зерделеуге бағытталған бұл жүйе қазақстандық ұлттық зерттеу құралы. Оның қорытындысында білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ пен нақты білім беру ұйымы бойынша кешенді талдау және әдістемелік ұсынымдар әзірленеді. 


Оқи отырыңыз: БЖБ және ТЖБ: Мектеп оқушыларының білімі қалай бағаланатынын түсіндіреміз


"Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты бойынша жүргізіледі: оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану. Оқушылар тестілеуді компьютермен тапсырады. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, білім беру жетістіктерінің әртүрлі мәндік факторларын анықтау үшін ББЖМ шеңберінде сауалнама жүргізіледі. Сауалнама оқушыларға, педагогтерге, мектеп басшыларына және төртінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған", – деді "А.Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ төрағасы Мағжан Аманғазы. 

ББЖМ 26 сәуірге дейін жалғасады. Биыл тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау үлгілерін ескере отырып жаңартылды. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде.

Серіктестер жаңалықтары