Теңгеге қатысты доллар бағамы аздап төмендеді.
Қазақстан қор биржасындағы 14 желтоқсандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 455,63 теңге болды.
Доллар күніне 0,23 теңгеге, айына 8 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 455,3-455,8 теңгеден сатып алынып, 457,5-457,7 теңге аралығында сатылуда.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы барреліне 75,2 долларды құрайды.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласында дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 18% қымбаттады