Жылдық динамикада ең қатты қымбаттаған өңір Алматыда болды. Бұл жақта дәрі-дәрмек бағасы 1 жылда 18% қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Ай сайынғы динамика бойынша Павлодар облысында баға 1,2% өсті. Ұлытауда баға 0,7%, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қостанай облыстарында 0,6% өсті. Атырау және Ақмола облыстарында баға бұрынғы деңгейде қалды. Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында баға 0,4%, 0,3% және 0,1% төмендеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрі-дәрмекке сараптама қалай жүргізіледі және ол не үшін қажет?
Жылдық динамикада ең қатты қымбаттаған өңір Алматыда болды. Бұл жақта дәрі-дәрмек бағасы 1 жылда 18% қымбаттаса, Ұлытау облысында 15,4% және Қызылорда облысында 14,9% қымбаттады. Ең аз қымбаттаған өңір – Жетісу облысы: 5,9% ғана.
Биыл бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша, Қазақстанға 694,2 млн АҚШ доллары сомасында 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек импортталды. ТМД елдерінен Қазақстанға 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл – былтырғыдан 3,8% аз. Барлық дәрі-дәрмектің басым бөлігі Ресейден әкелінді. Ол мемлекеттен 40,9 млн АҚШ долларына 2,9 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді.