Өтінімдер 10 тамызға дейін қабылданады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін "Дін мен дәстүр" жыр мүшәйрасына өтінімдер 1 сәуір – 10 тамыз аралығында қабылданады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Ақындар мүшәйраға келесі тақырыптарда екі өлең ұсынады:
- Дін мен дәстүр;
- Соңғы пайғамбар;
- Бес парыз – дініміздің діңгегі;
- Тарих пен тұлға;
- Еркін тақырып.
Оқи отырыңыз:
- 2023 жылы Қазақстаннан 4 мың адам қажылық парызын өтейді
- ҚМДБ қажылыққа баратын азаматтарды алдын ала оқытуды жоспарлап отыр
Жыр байқауының жүлде қоры:
- І орын – Ұмра қажылығына жолдама;
- ІІ орын – 200 мың теңге (екеу);
- ІІІ орын – 150 мың теңге (екеу).
Бұдан бөлек 5 адамға ынталандыру сыйлығы (70 мың теңгеден) беріледі.
Мүшәйраның өзге де шарттарымен осы жерден танысуға болады.
Қарай отырыңыз: