Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу
Көктемнің алғашқы күні Қазақстан тұтастай UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді. Қазір қазақстандықтар UTC+5 және UTC+6 деген екі уақыт белдеуінде тұрып жатыр. Осы себептен елдің басым бөлігі географиялық уақытынан алда келеді.
Енді Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек.
Оқи отырыңыз: Алғыс айту күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді?
Цифрлық даму министрлігі телефон мен компьютердегі сағатты бір уақыт белдеуіне келтіру үшін не істеу керегін айтты. Ведомствоның түсіндіруінше, бұл үшін гаджеттің операциялық жүйесін жаңарту жеткілікті.
"Отау" ипотекасы
1 наурыздан бастап Қазақстанда бұрынғы үкімет "9-20-25" деп жариялаған жаңа "Отау" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кемінде – 9%, бастапқы жарна – 20%, несие мерзімі –19 жыл болады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 1 наурызынан 30 сәуіріне дейін жалғасады.
Үміткерлер келесі талаптарға сай болуы керек:
- "Отбасы банкінің" салымшысу болу, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрғандар;
- "Отбасы банкінде" ипотекаға өтініш бергенге дейін 18 айдан кешіктірмей ашылған депозиттің болуы;
- өтініш берген кезде "Отбасы банкінде" депозитте кемінде 1 миллион теңге болуы керек;
- 18 жастан 63 жасқа дейінгі азаматтарды қоса алғанда;
- бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде тұрғын үйі болмауы керек;
- Алматы мен Астанада баспана сатып алу кезінде міндетті түрде осы қалаларда тұруға ықтиярхат болуы керек.
Өтініштер қабылданғаннан кейін ең көп ұпай жинаған қатысушылардың тізімі жасалады.
Ұпайлар келесідей беріледі:
- депозит бойынша сыйақы сомасына – әрбір 1000 теңге үшін 5 ұпай;
- салым мерзіміне – салым жарамды әрбір жыл үшін 5 ұпай;
- тіркелген неке үшін – 10 ұпай;
- балалы болғаны үшін – олардың санына қарамастан 50 ұпай.
Оқи отырыңыз: Кібісе жылдың адам тағдырына әсері бар ма? Астрологтар бұл жайында не дейді
Несиенің ең жоғары сомасы Алматы мен Астанада 30 миллион теңгені, басқа аймақтарда 18 миллион теңгені құрайды. Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында бастапқы тұрғын үйді, оның ішінде Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚТК) кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша ғана сатып алуға болады.
Аймақтық жастар кадр резервіне іріктеу
Наурыздың 1-і мен 31-і аралығында еліміздің барлық өңірінде аймақтық кадрлық резервке іріктеу өтеді. Резервке қабылданған тұлғалар жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Осылайша үкімет жас менеджерлер пулын қалыптастырып, дарынды жастарды аймақтарды дамытуға тартуда.
Іріктеуге жасы 35-тен аспайтын, жоғары білімі бар және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- индустрия және өнеркәсіп;
- экономика және қаржы;
- әлеуметтік сала;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
- агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
- цифрландыру;
- экология.
Іріктеу екі кезеңде өтеді: құжаттарды қабылдау және тестілеу. Қажетті құжаттар тізбесі мен тестілеуден өту ережелерімен облыс әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Бір уақыт белдеуіне көшу: Жұма намазы 1 наурыздан бастап нешеде оқылады
Жастарға арналған Zhas project гранттары
Наурыз айында Атырау және Түркістан облыстарының жұмыссыз тұрғындары Zhas project мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады. Іріктеуден өткен қатысушылар әлеуметтік жобаны немесе бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге көлемінде грант алады. Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні ресми сайтта жарияланады.
Қатысу үшін сіз келесі талаптарға сай болуыңыз керек:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу;
- 18 жастан 35 жасқа дейінгілер өтініш бере алады;
- мәлімделген облыс аумағында тұрақты немесе уақытша тіркеудің болуы;
- уақытша жұмыссыз жастар мәртебесінде болу.
Өтініштер электронды форматта қабылданады. Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін жеңімпаздар тізімі ресми сайтта жарияланады.