USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Білім сапасы мен адами капиталды арттыруда әлеуметтік бастамалардың маңызы қандай

Фото: Bilim Foundation корпоративтік қоры
Фото: Bilim Foundation корпоративтік қоры
Суицидтердің алдын алу және ауылдық жерлердегі білім беру сапасын жақсарту туралы баяндаймыз.

Қазақстанда соңғы он жылдықта білім сапасын арттыруға бағытталған түрлі бастамалар жүзеге асып жатыр. Осы салада тұрақты әрі стретегиялық шешімдер ұсынып жүрген ұйымның бірі – Bilim Foundation корпоративтік қоры. Сегіз жыл бойы қор Қазақстандағы білім сапасын арттыруға үлес қосып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған озық әдістер мен шешімдерді енгізіп келеді.

Қор президенті Ерлан Айтмұхамбеттің айтуынша, қор жастар арасындағы суицидтің алдын алу, ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыру және өңірлердегі жастарға тең мүмкіндіктер ұсыну сияқты жобаларды жүзеге асыруда. 2012 жылы жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне негізделген жоба жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың терең себептерін анықтауға мүмкіндік берген. Қор суицидтің алдын алатын әлемдік үздік стратегияларды біріктіріп, оларды Қазақстанның жағдайына бейімдеген.

"Бастапқыда бағдарлама Қызылорда облысында жүзеге асты. Бар болғаны екі жыл ішінде балалар арасындағы суицид деңгейі 50 пайызға төмендеп, суицидтік әрекеттер 78 пайызға азайды. Бұл көрсеткіш жобаны басқа өңірлерге енгізуге негіз болды. Бес жыл ішінде қор Қызылорда, Ақмола, Атырау және Ақтөбе облыстарын қамтыды. Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларда және Солтүстік Қазақстан облысында да жұмыс істеп көрдік", – деді Ерлан Айтмұхамбет.

Бүгінде жоба жаңа аймақтарды қамтып, кеңейіп келеді. Жобаның маңызды тұсы – процесс толығымен цифрландырылған. Қор ІT-шешімдер арқылы нақты диагностика жүргізіп, адами факторлардан болатын қателіктерді барынша азайтуды мақсат етеді. Бұдан бөлек қор балалардың өмірлік дағдыларын дамытуға, оның ішінде әлеуметтік және коммуникациялық қабілеттерін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Себебі мұндай дағдылардың девиантты (нормадан тыс) мінез-құлық пен қылмыстың алдын алуда маңызды рөл атқаратыны анықталған. Осы ретте балалардың әлеуметтік машықтарын дамыту мақсатында қор BF Books деп аталатын тағы бір жобаны бастаған. 65 кітаптан тұратын серия балалардың психикалық сауатын арттыруға бағытталған жүйелі шешімге айналды.


Оқи отырыңыз: Сенатор Қыдырәлі: Мектеп оқушылары арасында жасалған қылмыс саны 93,8 пайыз көбейді


Қор балалар мен жастардың, әсіресе алыс елді мекендерде оқитын жеткіншектердің, сапалы психологиялық көмекке қол жеткізе алуына ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта қор BF Line онлайн психологиялық қолдау желісін құрған. Бұл қызмет жасөспірімдерге анонимді түрде кәсіби көмек алуға мүмкіндік береді.

"Суицидтің алдын алу жобасын бастаған кезде біз бір қиындыққа тап болдық: шағын елді мекендерде балалар мектеп психологтарына сенім артпайды. Көбіне ондағы психологтар – олардың жақын ортасынан шыққан адамдар, олар баланың отбасын және туыстарын жақсы біледі. Нәтижесінде, жасөспірімдер ашылып, уайымын бөлісуден қорқады. Осылайша құпиялылықты сақтай отырып, кәсіби көмекке жүгінуге болатын платформа құру идеясы пайда болды", – деді қор басшысы.

Қазіргі таңда қормен серіктестік мектептерде BF Line желісінің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық плакаттар орнатылған. Бұл балаларға кәсіби психологтарға тікелей жүгініп, өз мәселелері бойынша қажетті қолдау алуға мүмкіндік берді. Жобаны тәжірибелі психологтардан тұратын команда іске асырады. Олар балаларға кеңес беріп қана қоймай, өңірлердегі мектеп мамандарын да оқытады.

"Біздің психологтер – 10-20 жылдық тәжірибесі бар мамандар. Олар жергілікті әріптестерімен бірлесе жұмыс істеп, балаларға психологиялық қолдау көрсетудің тиімді әдістерін үйретеді", – деп толықтырды Ерлан Айтмұхамбет.


Оқи отырыңыз: Психолог: Отбасында зорлық-зомбылық болса, "Көк кит" ата-анадан кек алудың құралына айналады


Қор қызметінің тағы бір басты бағыты – ауылдық жерлердегі білім беру сапасын жақсарту. Осы мақсатта қор 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында арнайы жобаны іске қосқан. Қор басшысы Ерлан Айтмұхамбеттің айтуынша, бұл жоба ауылдық мектептердегі бірнеше мәселенің шешімі ретінде жүзеге асқан.

"Қазақстан президенті ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтудың маңызын бірнеше рет атап өтті. Қазақстанда көптеген ауыл мектебі апатты жағдайда, ал білім сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Осы жағдайды өзгерту үшін біз ауылдық мектептерді жаңарту жобасын бастадық. Мемлекетпен серіктестік құра отырып, жеке инвесторлардың қолдауымен Петерфельд ауылындағы мектепті заманауи әрі тиімді білім беру мекемесіне айналдырдық", – деді Ерлан Айтмұхамбет.

1969 жылы салынған ғимараттың 80 пайызы күрделі жөндеуді талап еткен. 2019 жылы мектепке 300 миллион теңге көлемінде инвестиция салынып, күрделі жөндеу жүргізілген. Бүгінде Қызылжар Абай мектебі заманауи білім беру стандарттарына сай жабдықталып, толықтай жаңартылған оқу ордасына айналған. Қор басшысының айтуынша, жоба мұғалімдердің біліктілігін арттыруды да көздейді. Бұл үшін қор Назарбаев Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастық орнатқан. "Қызылжар Абай мектебі" деген жаңа атауға ие болған мектептегі білім беру моделі Абай Құнанбайұлының философиялық және педагогикалық қағидаттарына негізделген.

Қордың алға қойған тағы бір басты міндеті – балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, тең тұрғыда сапалы білім алуына жағдай жасау. Осы мақсатта қор Маңғыстау облысының балаларының бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында "Жарқын Болашақ" бағдарламасын бастаған.

"Біз елдің болашағы жастарға тәуелді екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан "Жарқын Болашақ" бағдарламасы шалғай өңірлердегі балалардың үздік білім алып, әлеуетін ашуды, жылдам өзгеріп жатқан әлемде бәсекеге қабілетті болуына көмектесуді көздейді. Біз оларға еліміздегі ең жақсы мектептер мен колледждерге оқуға түсіп, қажетті білім мен машықтарды игеруіне жағдай жасаймыз", – деді қор басшысы.

2023 жылы жобаны 118 бала тәмамдап, оның 112-сі жоғары оқу орындарына түсті. Оқу ордалары қатарында Назарбаев Университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚБТУ сияқты жетекші университеттер бар.

"Мұндай жобаларды кешенді жүзеге асыруда команданың рөлі ерекше. Әр топтағы балаларға куратор, сондай-ақ мектеп немесе колледж тарапынан педагогтар мен тәрбиешілер бекітілген. Біздің кураторлар балалардың тұлғалық дамуына, коммуникациялық машықтарының артып, жаңа ортаға бейімделуіне баса көңіл бөледі. Сонымен қатар өтпелі кезеңдегі қиындықтарды еңсеруге көмектесетін психологтарымыз да жұмыс істейді.  Біздің міндетіміз – олардың бейімделу процесі сәтті өтуін қадағалап, тұлғалық дамуына көмектесу", – деп толықтырды Ерлан Айтмұхамбет.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары