Тікелей эфир

Италия туристер үшін мамырдың екінші жартысынан бастап ашылады

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Жаңа ережелер саяхаттарға қатысты шектеулердің қара тізіміне енген елдерден басқа барлық елдерге қатысты болады.

 Prian.ru басылымының мәлімдеуінше, шетелдік туристер мамырдың екінші жартысынан бастап Италияға келе алады.

Елдің министрлер кеңесінің төрағасы Марио Драгидің айтуынша, ЕО бірыңғай "электронды жасыл төлқұжат" қабылдағанға дейін, 15 мамырдан бастап туристер ұлттық "жасыл төлқұжат" арқылы ел ішінде саяхат жасай алады. Оны вакциналау туралы анықтама, COVID-19-ға теріс тест болған кезде немесе  бұрын инфекция жұқтырып, аурудан жазылған жағдайда алуға болады.

Оқи отырыңыз: Сауд Арабиясында COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарға жұмысқа шығуға тыйым салынады

Жаңа ережелер саяхаттарға қатысты шектеулердің қара тізіміне енген елдерден басқа барлық елдерге қатысты болады. Бұл қара тізімге Бразилия, Үндістан, Бангладеш және Шри-Ланка кіреді. 

Италия билігі коронавирус салдарынан енгізілген шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастап жатыр. Туризм индустриясы ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Алдымен ашық алаңы барлар мен мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру, содан кейін музейлер, театрлар мен кинотеатрларды ашу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Үндістанға Covid-19 эпидахуалының нашарлауына байланысты гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары