Тікелей эфир

Мәжіліс депутаты: Ел азаматтарының саяси сауаты мен талғамын күшейту қажет

Ғазиз Құлахметовтың айтуынша, Конституцияның 61-бабының алтыншы тармағын да түзету керек.

31 арна эфирінде сұхбат берген Мәжіліс депутаты, Қазақстан халық партиясының өкілі Ғазиз Құлахмет президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдауындағы саяси реформаларға қатысты пікір білдірді.

– Мемлекет басшысы суперпрезиденттік басқару моделінен кетіп, парламенттің ролін күшейту қажеттігін айтты. Сонда депутаттардың қолына қандай ықпалды өкілеттіктер беріледі?

– Мәжіліс депутаттарының заң шығару өкілеттігі бар. Бұл мәселе – біздің көптен бері айтып жүрген дүниеміз. Президент жаңашылдықтардың конституциялық өзгерістерді талап ететінін айтты. Бұл ретте өз тарапымнан қосқым келетін дүние – Конституцияның 61-бабының алтыншы тармағына қатысты болып тұр. Депутаттар заң аясында бастама көтерген кезде ол мемлекеттің табысын азайтып, шығынын  арттыратын бастама болса, Үкімет біржақты қабылдамай тастайтын кездер болады. Яғни, бұл ақша талап ететін нормаларға қатысты болған жағдайда... Сондықтан Конституцияға өзгерістерді талқылау кезінде осы норма да қарастырылса екен деймін.


Оқи отырыңыз: Саясаткер: Мемлекет мықты болса, ықпалды парламент президентті бақылайды


– Енді сайлауда адамдар бір емес, он күн бойы электронды түрде асықпай дауыс бере ала ма? Сайлау әділ, таза өтуі үшін тағы қандай өзгерістер керек?

– Электронды дауыс беру процесіне келсек, оның нақты форматы әлі белгіленген жоқ. Бастама кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және дауыс берушілердің электронды базасы қалыптасады деген идея айтылды. Қазақстанның бүкіл аймағы әлі сапалы интернетпен қамтылмағанын ескерсек, кезеңдік сипат осыны меңзеп тұрса керек.

Мұндағы негізгі айтылған ой – ел халқына елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғаларға тікелей қатысу мүмкіндігінің берілуі. Бұл азаматтық қоғамның талап ететін дүниесі. Әлбетте, біз қоғамда қалыптасқан стереотиптік нормаларды жоюымыз керек. Мәселен, адамдар қоғамда болып жатқан дүниелерге қатысты мәселелерді үкімет, парламент не өзге де мемлекеттік органдарға жүктеп қоймай, оны шешуге өз де атсалыса алуы тиіс. Егер осындай мүмкіндік туатын болса, бұл азаматтық қоғамның белгісі. Сол үшін де мемлекет басшысы тек парламент емес, жергілікті мәслихаттардың депутаттарына да көп мүмкіндіктер беріп отыр. Бастысы, ел азаматтарының саяси сауаттылығы мен талғамын күшейту қажет.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары