Тікелей эфир

Бүгіннен бастап "Ұмай" әйелдер ипотекасы іске қосылды. Оның шарттарымен таныстырамыз

Бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспауы керек.

"Отбасы банк" тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіруге негізделген әйелдерге арналған "Ұмай" ипотека жобасын іске асыруға кірісті. Бағдарлама әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталады.

Ипотекаға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • қарыз алушы кәмелеттік жасқа толған 65 жасқа дейінгі (жұмыс істейтін зейнеткер) Қазақстан азаматшасы;
  • отбасылық айлық табысы 320 мың теңгеден артық болмау.

Тұрғын үй таңдауда шектеу қойылмайды. Ипотеканы жаңа пәтерлерге де, екінші нарықтағы пәтерлерге де, оның ішінде үлестік келісім бойынша да, жөндеу мақсатында да рәсімдеуге болады.

Несиенің ең жоғары сомасы:

  • ай сайынғы кірісі 200 000 теңгеге дейінгі қыз-келіншектер үшін – сатып алынатын тұрғын үй құнының 85%-ы (бағалау құны банктің кепілдік тәуекелдері бөлімімен расталуы керек);
  • кірісі 200 000 теңгеден 320 000 теңгеге дейінгі қыз-келіншектер үшін – сатып алынатын тұрғын үй құнының 80%-ы.

Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – 30 миллион теңге (қоса алғанда). Тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3,7 миллион теңгеге дейін қарыз беріледі. 


Оқи отырыңыз: Отбасы банк "Ұмай" әйелдер ипотекасын 12 сәуірден бастап іске қосады


Несиенің негізгі шарттары:

  • несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 12% (ЖТСМ 12,2%-дан), кейін 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 5,2%-дан);
  • бастапқы жарна – 15%-дан 50%-ға дейін;
  • алдын ала несие беру мерзімі – 6 айдан 10 жылға дейін.

Жоба аясында шамамен 4 мыңға жуық қыз-келіншек тұрмыстық жағдайын жақсартады деп күтілуде. Жаңа бағдарлама Азия даму банкінен алынған 38 миллиард теңге қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстанда ипотекалық несие рәсімдеген әйелдердің үлесі – 48%. "Отбасы банкінің" несиелік қоржынындағы әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда жоғары. Несиелер саны бойынша әйелдердің үлесі – 57%, несие сомасы мен қарыздың қалдығы бойынша 53%-ға тең. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары