Тікелей эфир

Ақмолада бидайдың жаңа "Таймас" тұқымы өсірілмек

Бидайдың бұл түрі құрғақшылыққа өте төзімді әрі өсімі жақсы.

Ғалымдардың пайындауынша, бірнеше жыл қатарынан үздіксіз пайдаланылған жер желдің және құрғақ климаттың кері әсерінен эрозияға ұшырап, топырақ құнарын жоғалтады, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бидай сұрыптары да солай. "Таймас" атты жаңа сұрып шығаруға арнайы сынақ алаңдары мен кешенді зертханалар қолданылған.

"Астық тұқымының артықшылығы жоғары өнімділігі мен климаттық төзімділігі. "Таймас" сұрпы алдағы 2 жылда толық қолданысқа енгізіледі. Бұдан бөлек, орталықта 20 дақыл мен 50 сұрып бойынша тұқым әзірлеу жұмысы жүріп жатыр", – дейді Бараев атындағы бидай шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бөлім меңгерушісі Әділхан бабкенов.


Оқи отырыңыз: Қазақстан экономикасының тоқырауы және одан шығар жол


Ал Аршалы ауданында мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылған сүт өнімін өңдейтін цех өндірісін кеңейтті. Мұнда күнделікті тұтынатын айран, ірімшік, қаймақ, сары май сияқты 10 түрлі табиғи таза өнім шығарылады.

"Құрал-жабдықтарды Ресей мен Германиядан сатып алдық. Тәулігіне 4 тоннаға жуық дайын өнім шығарамыз. Өндірістің 70 пайызы автоматтандырылған", – дейді серіктестік жетекшісі Вадим Батюта.

Шортанды ауданында 250 бас сауын сиыры бар сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Асыл тұқымды ірі қаралар Германиядан әкелінген. Малдың әр басына мемлекеттен субсидия беріледі. Қажетті техникалар мен құрал-жабдықтарға да айтарықтай жеңілдік жасалған.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары