Азаматтық белсенді Рустем Ашетаев Қазақстанда экономиканы тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылығын дамыту қажет деп санайды.
Ел экономикасының тұрақты дамуы үшін қаржы жүйесінде ешқандай ақау болмауы керек. Бұл саланың негізгі қағидаларын түсіну үшін мықты экономист болудың қажеті жоқ.
Сондықтан, алдымен қарапайым сөздермен түсіндіріп көрейін. Экономика дегеніміз – қаржы жүйесі. Елдің экономикасындағы қаржы тек төрт-ақ жерде болады.
- отбасы бюджеті;
- мекемелер бюджеті;
- мемлекеттік бюджет;
- импорт-экспорт айналымы.
Осы жүйенің бір бөлігінде ақау пайда болса, кез келген ел экономикалық тоқырауға ұшырайды. Біздің елімізде бұл ақау жүйенің төртінші бөлігі – импорт-экспорт саласында пайда болды. Өйткені, сырттан ішкі айналымға негізгі валютаны кіргізетін мұнайдың бағасы түсіп, ішкі айналымда валюта қорының азаюына, ал ол өз кезегінде валюта бағасының өсуіне алып келді. Демек, осы ақау шыққан тармақты реттемей, экономикамызды көтеру мүлдем мүмкін емес.
Ол үшін не істеу керек? Экономиканы тұрақтандыру үшін экспортқа шығаратын өнімдеріміздегі мұнайдың үлес салмағын азайтып, басқа да салаларды көтеру қажет. Енді ойланайық. Мұнай мен металдан басқа тағы да қандай сала бізге сырттан валюта кіргізе алады?
Жоғары технологияларды сыртқа шығара алмаймыз. Өйткені, ол әзірге өзімізде де жоқ. Әрі ол саланы дәл бүгін қолға алғанның өзінде алдағы 20 жылда ғана жемісін беруі мүмкін.
Дәл бүгін қолға алсақ, 1-2 жылда Қазақстанға сырттан валюта әкелетін сала бар ма? Әрине! Бізді бұл тығырықтан тек ауыл шаруашылығы саласы ғана алып шыға алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату арқылы біз ішкі айналымға валюта кіргізе аламыз. Тек сонда ғана экономикамыз алға дамиды. Ал өзіміз ішкі сұранысымызды жабу үшін ғана жұмыс жасап, сыртқа экспортқа шығара алмасақ, ол саладан да пайда жоқ.
Сондықтан, ауыл шаруашылығы саласын барынша көтеріп, кемінде көршілес Қытайдың деңгейіне жеткізуіміз керек.
Мен неліктен Қытайды меңзеп отырмын? Өйткені, Қытай – ауыл шаруашылығы саласы ең озық дамыған елдердің бірі. Әрі климаттық, географиялық жағдайы да Қазақстанмен ұқсас. Қытайдағы егістік алқаптың көлемі шамамен 100 млн гектарды құрайды және тұрақты жоғарылау тенденциясы бар.
Өсімдік шаруашылығы дәстүрлі түрде Қытайдағы ауыл шаруашылығының жетекші саласы болып табылады. Бұл шаруашылық түрінде суару кең қолданылады (егістік жерлердің 50 пайызына дейін).
Мәдени дақылдардың алуан түрлілігі бойынша Қытай әлемдегі алғашқы орындардың бірін алады. Қазіргі кезде:
- дала дақылдарының 50-ден астам түрі;
- бақша дақылдарының 80-нен астам түрі;
- көкөніс дақылдарының 60-тан астам түрі бар.
Күріш – негізгі дақыл. Оны бүкіл елде өсіруге болады. Көптеген аудандарда 2-3 астық жиналады.
Екінші маңызды дақыл – бидай (күздік және жаздық). Ол бүкіл елде өсіріледі. Тибетте жаздық бидай дақылдарын тіпті 4 100 метр биіктікте өсіреді.
Қытай үшін басқа маңызды дақылдарға жүгері, тары, гаолян (құмайдың бір түрі), арпа жатады.
Майлы дақылдардың негізгі өнімі – жержаңғақ (Шандун түбегі).
Бұршақ тұқымдастарының ішінде көбінесе соя, бұршақ, кең бұршақ кездеседі. Барлық климаттық жағдайларға байланысты сояның 1 200-ден астам сорты өсіріледі.
Түйнекті дақылдардан көбіне картоп, ямса, таро, маниава өсіреді.
Техникалық дақылдардың ең маңыздысы – мақта, қант қамысы, шай, қант қызылшасы.
Қытайдағы мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының артта қалған саласы болып қала береді. Ауыл шаруашылығының жалпы көлеміндегі оның үлесі шамамен 20 пайызды құрайды.
Мал басы жағынан Қытай әлемдегі алғашқы орындардың бірін алады: бұл ел әлемдегі шошқа популяциясының шамамен 40 пайызына, қой мен ешкінің 10 пайызына, ірі қара малдың 5 пайызына иелік етеді. Алайда, жан басына шаққандағы өндіріс көлемі бойынша ҚХР дамыған елдерден едәуір артта қалып отыр.
Мал шаруашылығының негізгі саласы – шошқа өсіру. Жалпы, ет өндірісіндегі шошқа етінің үлесі 90 пайыздан асады. Шошқалар әдетте қосалқы шаруашылықтарда өсіріледі.
Сүт шаруашылығы қалаларға жақын фермаларда дамып келеді.
Шаруаға пайдаланылатын ірі қара да өсіріледі. Олар – жылқы, есек, түйе, топоз.
Ешкі мен қой өсіру негізінен елдің солтүстігінде, Ішкі Моңғолияда және оңтүстіктің тау бөктерінде жүзеге асырылады. Ет балансында қой өсіру үлкен рөл атқармайды, бірақ, жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді.
Ең қарқынды дамып келе жатқан сала – құс шаруашылығы. Үй құстары негізінен жеке қосалқы шаруашылықта өсіріледі (негізінен тауықтар, күркетауықтар, қаздар). Құс етін өндіру шамамен 1 миллион тоннаны құрайды және негізінен қала маңындағы аудандарда шоғырланған.
Оқи отырыңыз: Ара өсіріп, бал сатып байып кетуге бола ма?
Мал шаруашылығының басқа кең таралған салаларына ара шаруашылығы мен жібек өсіру жатады. Ара өсіру бүкіл елде кең таралған, бірақ, ең жақсы дамыған өңір – Солтүстік-Шығыс Қытай. Бал экспорты бойынша Қытай әлемде 2-орын алады (әлемдік экспорттың 1/3 бөлігін береді).
Қытайдың оңтүстігінде (жібек құрты өсіріледі) және Қытайдың солтүстік-шығысында (емен жібегі) серия өсіру дамып келеді.
Мінекей! Қытай өзінің ауыл шаруашылығын осылай дамытып отыр. Біздің де дәл осындай көрсеткішке жетуге мүмкіндігіміз мол. Ол үшін бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерімізді барынша пайдалануымыз керек.
Екі жағымыздағы екі алып тұтынушы көршімізді байланыстыратын "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" жолы Қазақстан арқылы өтетінін ескерсек, "сыртқа сата алмай қаламыз" деп қорқуға ешқандай негіз жоқ.
(Материал автордың рұқсатымен Facebook желісіндегі парақшасынан алынып, жарияланды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Популярное в нашем Telegram-канале
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5311
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5088
- 3
- 16
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2830
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2780
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2427
- 1
- 28
-
6🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2395
- 0
- 11
-
7⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2460
- 6
- 27
-
8⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2408
- 0
- 15
-
9☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2420
- 0
- 5
-
10🥶Ночные морозы до -23 прогнозируют на выходных в северной половине Казахстана
- 2584
- 0
- 8