Алматы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ЖОО мен колледж түлектерін "Жастар тәжірибесі" бағдарламасына қатысуға шақырады. Бағдарламаға оқу аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде 29 жастан аспаған жұмыссыздар қатыса алады. Жастар практикасының ұзақтығы – 6 ай. Оларға төленетін еңбекке көлемі 35 АЕК немесе 102 095 теңгені (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
Жастар тәжірибесі әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда өтеді: аудан әкімдіктерінің аппараттарында, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымына кіретін департаменттер мен басқармаларда, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында, сондай-ақ жеке компанияларда.
Жастар тәжірибесі – бұл:
- мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігі;
- одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
- жастар арасында еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Оқи отырыңыз: Жастар тәжірибесіне қатысушылар 69 450 теңге еңбекақы алады. Оған қатысудың жолы қандай?
Бағдарламаның мақсаты – алған кәсібі мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесінен өту. Жоғарыда аталған ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі жас маманның болашақ мансабы үшін жақсы іргетас болып табылады.
Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына төмендегі құжаттарды беру қажет:
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.