Тікелей эфир

"7-20-25" және "Баспана хит" тұрғын үй бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.

"7-20-25" мен "Баспана хит" жеңілдетілген ипотекалық несиелерін қаржыландыру 2021 және 2022 жылдары тоқтатылады. 

"Дағдарыстың экономикаға әсерінің төмендеуін ескере отырып, мемлекетті  несиелеу бағдарламаларынан шығарып, нарыққа орын беру маңызды. Осыған байланысты 2023 жылдан бастап Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудан бас тартады. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларын қаржыландыру "Баспана хит" бойынша 2021 жылы, "7-20-25" бойынша 2022 жылы аяқталады деген жоспар бар", – деді Әбілқасымова.

Назар аударыңыз, "7-20-25" бағдарламасы ипотека бойынша бастапқы тұрғын үйді жылдық 7 пайызбен, 25 пайызға дейінгі 20 пайыздық төлеммен сатып алуға мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз: 17 мамырдан бастап "Әскери баспана" бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады


 

"Баспана хит" ипотека бойынша екінші деңгейлі тұрғын үйді жылдық 10,75 пайызбен 20 пайыздық төлеммен 15 жылға дейін сатып алуға болады. Мадина Әбілқасымованың айтуынша, үкімет тікелей қаржыландырудан бас тартып,  кәсіпкер субъектілерінің несиелік тәуекелдеріне кепілдік беруге көшу мүмкіндігін қарастырады.

"Дағдарысқа қарсы шаралар бизнес пен тұрғындар үшін қарыз ауыртпалығын төмендетуге көмектесті. Нәтижесінде, 2020 дағдарыс жылы болуына қарамастан, біз несие портфелінің сапасы нашарламағанын көрдік. Жеке тұлғаларда  жұмыс істемейтін несиелер деңгейі 1 тармақшаға төмендеді  және 2021 жылдың басында 5,4 пайызды, оның ішінде тұтынушылық несиелер бойынша – 6,5 пайызды құрады.Заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша да 1,2 тармақшаға 8,6 пайызға дейін төмендеді", – деп түсіндірді агенттік басшысы.


Оқи отырыңыз: Тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді


 

Серіктестер жаңалықтары