Тікелей эфир

Тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарының борыш жүктемесін азайтуға және жалғыз баспанасын сақтап қалуға қосымша қаржылық көмекберуді көздейді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Түзетулер 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алған, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен ипотекалық қарыз берілген халықтың әлеуметтік осал топтарына борыш жүктемесін одан әрі төмендету және жалғыз баспанасын сақтау мақсатында қосымша қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.

Қаржылық қолдау шаралары қосымша келесі санаттарға көрсетіледі:

  • кәмелетке толмағандар мен мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға;
  • қамқорлығында халықтың әлеуметтік осал тобы мәртебесі бар адам бар;
  • еңбекке қабілетсіз азаматтарды күтіп-бағуға, емдеуге арналған шығыстарды көтеретін қарыз алушыларға.

Қамқоршылық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша расталуға тиіс. 

Бұған қосымша, таратылған "Астана Банкі" берген ипотекалық қарыздары бар және бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылған халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтарға қолдау шаралары көрсетілетін болады. Қаржылық көмек алу үшін көрсетілген қарыз алушылар тиісті өтінішпен Банктің Тарату комиссиясына жүгінеді.

"Кірісі төмен ипотекалық қарыз алушыларды қолдау үшін халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын қарыз алушының жеке кірісінің екі ең төменгі күнкөріс шегі сақталады. Бұл шара осындай қарыз алушылардың бюджетіне түсетін қаржылық жүктемені азайтады және оларға коммуналдық төлемдерді, азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді және қарыз алушылардың басқа да бірінші кезектегі қажеттіліктерін төлеуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссия банктер үшін міндетті болатын шешімдер шығаруға өкілеттік алды.

Қаржыландыру немесе жалға алу талаптарымен тұрғын үйді банктің балансынан халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын бұрынғы меншік иесіне берген кезде, банктерге тұрғын үйді меншік иесіне банктің балансына бұрын қабылданғаннан аз шығындармен беру туралы дербес шешім қабылдау құқығын беру көзделеді.


Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар 30 сәуірден бастап қабылданады 


Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша қарыздары қайта қаржыландырылған, сондай-ақ баспанасы банктің балансына өткен халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы қарыз алушылар қосымша көмек шараларын алу үшін 2021 жылдың 1 маусымына дейін тиісті өтінішпен банкке жүгінуі қажет.

Банктер Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бағдарлама талаптарымен бұрын біржақты тәртіппен айырбасталған қарыздарды қайта қаржыландыруды аяқтайды. Осыған байланысты халықтың әлеуметтік осал топтары қарыз алушылары үшін – 3%, қалған қарыз алушылар үшін 12% мөлшерлемемен валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін қарыз алушылар 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде банкке жүгінуі қажет.

Бағдарлама 2004-2009 жылдардағы қарыздарды, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған. Оны іске асыруға 286 млрд теңге бөлінді. 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 2 662 қарыз алушыға 15,7 млрд теңге сомасында қосымша көмек көрсетілді.

Серіктестер жаңалықтары