Жеміс пен көкөністі тоңазытқышта қалай сақтаған дұрыс?
Тоңазытқышта сақтауға арналған көкөніс пен жемісті жумаған абзал.БҰҰ мәліметінше, азаматтар әлемде өндірілетін азық-түлік өнімдерінің үштен бір бөлігін қоқысқа тастайды. Осы қоқыста жатқан өнімдер климаттың өзгеруіне алып келеді. Яғни, адамдар Жер шарына зиянын тигізіп қана қоймай, ақшасын желге ұшырады. Ал жаңа піскен көкөністер мен жемістерді дұрыс сақтау арқылы отбасы бюджетін шығындаудың алдын алуға болады.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді бөліңіз. Бұл екеуін бір-бірінен бөлек сақтау үшін тоңазытқыштың ішінде ауа температурасы 8-10 градус болып тұратын екі бөлек ұяшық болады. Әйтпесе жеміс-жидектер мен көкөністер үсіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, ауа алмасу процесін бұзбау үшін өнімдерді қағаз пакетте сақтаған абзал.
Көкөністерді жумай сақтау. Жемістер мен көкөністерді тоңазытқышқа жумай салған дұрыс. Жуылған өнімдер тез бұзылады.
Оқи отырыңыз: Қант зиян және қымбат. Оны немен алмастыруға болады?
Көк шөпті суға салып қойыңыз. Ақжелкен, аскөк және басқа да көк шөп тоңазытқышта тұрғанда жылдам солып қалады. Бұл үшін көк шөпті сабағы судың ішінде тұратындай етіп бір ыдысқа салу қажет. Мұнымен қатар, шүберекті суға салып, кейін көк шөптің сабағын осы шүберекпен орап қоюға болады.
Банан мен қызанақты бөлек сақтаңыз. Мәселе кей өсімдік пен жеміс-жидектің этилен бөліп шығаратынында. Этилен екеуінің де пісіп жетілуін тездетеді. Мысалы, алма, банан, қызанақ, авокадо. Бөлек сақтайтын болсақ, олар тоңазытқыштағы «көршілеріне» зиянын тигізбейді.
Тамырын кесіңіз. Қызылша, сәбіз, шалқан, шалғамның тамырға ұқсас бөлігін кесіп тастасаңыз, олар тоңазытқышта ұзақ сақталады. Бұл әдіспен оларды тоңазытқышта шамамен екі аптадай сақтауға болады.
Оқи отырыңыз: Кешкі алтыдан соң тамақ ішпеу дұрыс па? Төрегелді Шармановтың кеңесі
Пияз бен сарымсақты бөлек сақтаңыз. Бұл екі көкөніс тоңазытқышта жақсы сақталады, алайда олардың иісі басқа өнімдерге сіңіп қалуы мүмкін. Сондықтан ауа кіретін контейнер немесе қағаз пакетке салып сақтаған артық болмайды.
Сапалы өнім таңдаңыз. Өзі де шіриін деп тұрған өнімдерді бірнеше күн, тіпті, бірнеше сағаттан кейін-ақ қоқысқа тастайтынымыз сөзсіз. Өнімдердің ұзақ сақталуы сапасына тікелей байланысты.