Тікелей эфир

Қант зиян және қымбат. Оны немен алмастыруға болады?

Диетолог мамандар дәмі тәтті, бірақ құрамында қанты аз 7 өнімді ұсынды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күнделікті қант тұтыну көлемін жалпы калорияның 5 пайызына дейін азайтуға кеңес береді. Өйткені, қантты көп жеген адам жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығып, семіреді. Денесі ісініп, тісіне құрт түседі және инсулинге деген сезімталдығы төмендейді.

Осы орайда, диетолог мамандар дәмі тәтті, бірақ құрамында қанты аз өнімдерді ұсынды.

Бал

Балдың 95–97 пайызын көмірсулар құрайды, негізінен глюкоза мен фруктоза. Мұнымен қатар, құрамында ақуыз, дәрумен, аминқышқылдары, минералдар мен органикалық қышқылдар бар. Бір ас қасық балда – 64 ккал. Сондай-ақ, ағзаны күйзелістен қорғайтын табиғи антиоксиданттар флавоноид пен полифенол бар.


Оқи отырыңыз: Тұмау маусымы басталды: Иммунитетті нығайтатын шайдың 8 түрі 


Үйеңкі шәрбаты

Тышқандарға жасалған тәжірибелердің бірінде аталған шәрбаттың қандағы глюкоза деңгейіне қантпен салыстырғанда аса әсер етпейтіні анықталды. Бұдан өзге, бұл хош иісті қант алмастырғыштың рактан қорғайтыны туралы зерттеулер бар.

Аллюлоза

Бұл өнімнің 1 грамында 0,4 ккал бар. Ол қандағы глюкоза деңгейін төмендетіп, инсулинге деген сезімталдықты жақсартады. Антиоксидант секілді әсер етіп, ағзадағы майдың азаюына септігін тигізеді.

Стевия

Оңтүстік Америкада өсетін өсімдік қантқа қарағанда 200–300 есе тәтті. Алайда ол метаболизм мен қан қысымына кері әсерін тигізбейді.


Оқи отырыңыз: Күзгі жөтел: үйде емделудің тиімді бес тәсілі


Эритритол, эритрит

 

Қант спиртіне жатады, қантқа қарағанда тәттісі 20-40% аз. Шамамен 90% эритрит игерілмей, сыртқа табиғи жолмен шығып отырады. Сондықтан глюкоза мөлшері мен инсулинге аса әсер етпейді. Бұдан өзге бұл қоспаның тіске еш зияны жоқ.

Ксилит

Тәттінің орнына қолданылатын тағы бір қант спирті. Ағзадағы қант мөлшерін азайтуға әсер етеді және тіс үшін аса пайдалы.

Сукралоза

Қанттан жасалғанына қарамастан, одан 600 есе тәтті. Мамандар сукралозаның, тіпті, диабет секілді созылмалы, асқынған ауруы бар адамдарға да еш зияны жоқ екенін анықтады.

Серіктестер жаңалықтары