Ресей жануарларға арналған коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді
Препаратты "Федералды жануарлар денсаулығын қорғау орталығы" федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі (ФГБУ "ВНИИЗЖ") жасап шығарды.
"Былтыр қазан айында басталған "Карнивак-Ковтың" клиникалық сынақтарына иттер, мысықтар, арктикалық түлкілер, күзендер, түлкілер және басқа жануарлар қатысты. Зерттеу нәтижесінде вакцина зиянсыз және оның . иммуногендік белсенділік мөлшері жоғары деген қорытынды жасалды. Өйткені вакцинацияланған жануарлардың барлық субъектілері, коронавирусқа қарсы антиденелер 100% жағдайда дамыған", – деді Россельхознадзор бастығының орынбасары Константин Савенков.
Енді Россельхознадзор ғалымдары дәрі қабылдағаннан кейін иммунитеттің қаншалықты дамитынын зерттеп жатыр. Савенковтың айтуынша, бүгінде бұл көрсеткіш кем дегенде алты айды құрайды.
Оқи отырыңыз: Алматы, Нұр-Сұлтанда және Ақтөбе облысында коронавирустың британдық штамын жұқтырғандар анықталды
"Қазірдің өзінде сәуір айында вакцинаның жаппай өндірісін Федералды жануарлардың денсаулығын қорғау орталығының жануарларға арналған дәрі-дәрмектер шығаратын ең ірі платформасы негізінде іске қосуға болады", – деп ол.
Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын қорғау ұйымы атап өткендей, жануарлардың кейбір түрлері коронавирусқа сезімтал және көптеген елдерде Covid-19 ауруы тіркелген.
"Жануарлардан жаңа коронавирустық инфекцияның адамға жұғуының ғылыми дәлелі жоқ, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірнеше рет хабарлады", – деді Савенков.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, жануарлар коронавирустың Covid-19 түрінен басқаларын да жұқтыруы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Режеп Тайып Ердоған: түрік вакцинасы бүкіл адамзатқа қолжетімді болады