22-24 наурыз аралығында Наурыз мейрамын мерекелеу күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды City Transportation Systems.

Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты режимде жүреді. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Осыған дейін елордада 21 наурызда локдаун енгізіліп, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады деп жазған болатынбыз.