Тікелей эфир

Елордада 21 наурызда локдаун енгізіледі. Қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды

Жексенбі күні Нұр-Сұлтанда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Жексенбіде сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары (оларда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және орналасқан жеріне қарамастан қызметіне рұқсат етілген нысандарды қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды өткізетін нысандар, жабық спорт нысандары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпошта" АҚ секілді мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.

Сенбі және жексенбі күндері фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру нысандарының, сауналардың, СПА-орталықтардың ("сары аймақ" критерийлері қолданылатын "Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда) жұмысына тыйым салынады.


Оқи отырыңыз: Алматыда ауруханаға тәулігіне 300 науқас коронавируспен жатқызылса, локдаун енгізіледі


"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Өткен мереке күндерінен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны күрт көбейді. Осыған байланысты қосымша карантиндік шектеулері бар қаулы 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Індеттің өршуіне жол бермеу керек. Медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлеріне шамадан тыс жүктеме болмас үшін қатаң санитарлық нормалар сақталуы қажет, яғни бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек", – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Сархат Бейсенова 18 наурыздан бастап қоғамдық тамақтану нысандарының (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты қысқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар, 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинорумдардың жұмысына тыйым салынады.

Серіктестер жаңалықтары