ЖОО оқытушыларынан талап етілмейтін құжаттар тізімі жарияланды
БҒМ құжат айналымының цифрлық жүйеге толық көшіру бағытында жұмыс істеп жатыр.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департамент директоры Әділет Тойбаев ЖОО оқытушыларынан талап етілетін құжаттар тізімі қысқарғанын хабарлады.
Енді оқытушылардан келесі құжаттар талап етілмейді:
- Оқытушылардың әрбір айға арналған оқу жұмыс уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен және (немесе) кредитпен);
- Оқытушылардың жыл ішіндегі оқу уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен және (немесе) кредитпен);
- Емтихан ведомосі (білім алушыларды аралық аттестаттау үшін);
- Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамалары. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсыру туралы хаттамасы
- Білім алушыларға біліктілік беру туралы қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы (жиынтық);
- Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның білім алушылардың бітіру жұмысын қарау бойынша (дипломдық жоба (жұмыс) отырысының хаттамасы;
- Емтихан ведомосі;
- Кафедраның жұмыс жоспары;
- Сынақ кітапшалары;
- Оқу үлгерімінің журналы.
Оқи отырыңыз:
- Аймағамбетов: ЖОО ғылыммен айналыспаса, ол – мектеп не колледж болғаны
- ЖОО мен ҒЗИ маман дайындауға қажетті 500-ден астам білім бағдарламасын жасайды
Департамент жоғары оқу орындарына министрлік тарапынан күші жойылған есептіліктің жеке қағаз түрлерін жасамауды, жоспарлау мен құжат айналымының цифрлық жүйесіне толық көшуді жүзеге асыруды ұсынды.
"Алайда, кейбір жоғары оқу орындарында әлі күнге дейін профессор-оқытушылар құрамынан артық есептілік құжаттары талап етілетіні туралы ақпарат түсіп жатыр. Мысалы, студенттер үлгерімінің қағаз журналы, профессор-оқытушылар құрамының атқарған жұмыстары туралы апта сайынғы, ай сайынғы есептер", – деп жазды Әділет Тойбаев.