Зейнетақы қорының қызметтерін цифрлық куәлік арқылы алуға болады
Құжаттың цифрлық нұсқасын азаматтың өзі БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгінген кезде ғана пайдалана алады.Азаматтар БЖЗҚ кеңселеріне жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың электронды нұсқасын қолдана алады. Ол жеке куәлік, төлқұжат, шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхаты, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі болуы мүмкін, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Енді электронды құжат арқылы:
- инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау немесе өзгерту туралы, зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтініш беру;
- сенім білдірілген тұлға немесе заңды өкіл жүгінген кезде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға болады. Бұрын бұл қызметтерді алу үшін құжаттың түпнұсқасы талап етілетін.
- өзі келіп өтініш жасаған кезде, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
- деректемелерге өзгерістер немесе толықтырулар енгізу;
- зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту немес айқындау;
- зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару қызметін алу мүмкіндігі енгізілген болатын.
Айта кетейік, құжаттың цифрлық нұсқасын азамат өзі БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгінген кезде ғана пайдалана алады. Егер өтініш берген адамның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болып қалса, еGovMobile ұялы қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.