Денсаулық сақтау министрлігі мен Samruk-Kazyna Trust КҚ "Медициналық пойыздар" жобасы шеңберінде жауапкершілікті күшейту және өзара іс-қимылды нығайту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көлік медицинасы ұйымдастырылды. Медициналық пойыз ауыл тұрғындарына медициналық зерттеп-қараулардың, диагностикалық қызметтердің, арнайы мамандардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді және емдеуге жатқызуға жолдама ала алады", – деді денсаулық сақтау министрі. 

Су тасқынына байланысты зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізіле бастады


Биыл профилактикалық қарап-тексерулерді, скринингтік зерттеулерді, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, бейінді мамандардың консультацияларын, зертханалық-диагностикалық қызметтерді, ЭКГ, УДЗ, флюрографияны қоса алғанда, 1 млн медициналық қызмет көрсету жоспарланып отыр. 

Медициналық пойыз 140 станцияға барады, онда 92 мыңнан астам адам зерттеліп-қаралып, емделетін болады, дәрігерлер 100 мыңнан астам қабылдау өткізеді.