Тікелей эфир

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізіле бастады

Қаржылай көмекті алу үшін Ақтөбе облысында 346 отбасының мүшесі өтініш берген.

Комиссия қорытындысы бойынша дәл қазір 94 тұрғынға 28 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлердің материалдық шығындарын есептеу үшін қазір комиссия құрылып, аудандарды аралап жүр. Жалпы осы күнге дейін облыс аумағынан 2018 өтініш түскен. Шығынды есептеу үшін комиссия мүшелері Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар және Темір аудандарындағы 1 482 үйде болған. Бұдан бөлек тіркелмеген мүлікті бағалау үшін бөлек механизм әзірленген.


Оқи отырыңыз: Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар 15 тас жолда көлік қозғалысы шектелді


Сондай-ақ, тасқыннан табысты болуды көздегендер қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтемақы төлейді деген жалған хабарламалар таратуда. Ведомство өкілдері толығырақ батырмасын басып немесе сілтемеге өткен азаматтар алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін екенін айтты. Төлем туралы ақпараттарды тек ресми органдар береді.

Серіктестер жаңалықтары