Заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясынан кейін елде қарумен жасалатын қылмыс екі есе азайды
Акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам бөлінді.Қазақстандықтар биыл акция асында жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 56 мыңнан астам бірлік атыс қаруы және 2 миллионнан астам ойық қарудың патронын ерікті түрде тапсырды. Нәтижесінде қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың саны екі есеге азайды, деп мәлімдеді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының басшысы Асылбек Ыдырысов.
Биыл 10 сәуірде басталған акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам бөлінді.
"ПД алдын ала мәліметі бойынша Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында бөлінген қаражатты игеруімен байланысты акция тоқтатылды. Өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін (10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін) 34 мыңнан 345 мыңға дейін әртүрлі болады. Осы акцияның арқасында қаруды қолдана отырып жасайтын қылмыс саны екі есе азайды", – деді Асылбек Ыдырысов.
Оқи отырыңыз: Көк Жайлаудан түсе алмаған 18 жастағы туристі құтқарушылар тауып алды
Қаруды ең көп тапсырған өңірлер:
- Түркістан – 187 бірлік;
- Жамбыл – 134 бірлік;
- Қызылорда – 94 бірлік;
- Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында – 60 бірліктен астам.
"Қару-жарақ заттары қайдан пайда болуы туралы айтсақ, әлбетте олардың көбі – бұрыннан мұраға қалған, не тауып алынған немесе оларды тіркеу бойынша шектеуді енгізгенге дейінгі сатып алынған қарулар. Мысалы, бұрын 1970 жылға дейін қарулар малшыларға аңдардан қорғану үшін есепсіз таратылған. Барлық тексеріс іс-шараларынан кейін тапсырылған қарулар мен оқ-дәрілер жою процессін бейнежазбаға түсіре отырып, комиссиялық түрде жойылады", – деп қосты Асылбек Ыдырысов.
Оқи отырыңыз: Астана полицейлері 15 жыл бойы іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын ұстады
Жою алдында қару бөлшектенеді.