Халықаралық олимпиада жеңімпаздары байқаусыз ЖОО грантын иеленетін заң жобасы мақұлданды
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтарын қорғау саласында тиімді құқықтық негізді қалыптастыру және осы саладағы заңнаманы жетілдіру мақсатында заң жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы шеңберінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 38, 41 және 48-тармақтарында көзделген тапсырмаларды іске асыру жоспарланған.
"Заң жобасында жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде олардың академиялық дербестігін кеңейту, ҚР БҒМ-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізбесін және сыныптау өлшемшарттарын бекіту жөніндегі құзыретін айқындау жолымен жаңарту қаралды. Сондай-ақ, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне конкурсқа қатыспай ЖОО-ға түсу үшін білім гранттарын беру тәртібін айқындау мәселесі назарда болды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Бір жылда 12 ғасыр тарихын оқиды". Алматылық ұстаз оқу бағдарламасын өзгертуді ұсынды
Заңнамалық актілерде:
- жаңадан ашылатын ЖОО үшін жоғары оқу орындарына арналған лицензиялардың 5 жыл қолданылу мерзімін енгізу;
- ЖОО-ның лицензиясы қайтарып алынған жағдайда білім алушыларды ауыстыру бойынша құрылтайшының міндеттемелерін бекіту;
- лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу тәртібін регламенттеу көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жоғары оқу орындарының білім беру сапасы үшін жауапкершілігін күшейту (ЖҰЖ-ның 48-тармағы) бойынша нормалар көзделеді.
Еске салсақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй есебіне қою мерзімін қысқартатын заң жобасының мақұлданғаны туралы хабарлаған едік.