Тікелей эфир

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй есебіне қою мерзімін қысқартатын заң жобасы мақұлданды

Кәсіптік мінез-құлық этикасын сақтау бөлігінде әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін кеңейту қаралды. 

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтарын қорғау саласында тиімді құқықтық негізді қалыптастыру және осы саладағы заңнаманы жетілдіру мақсатында заң жобасы әзірленді. 

Аталған заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар келесі мәселелерді қарады:

  • ерекше қажеттіліктері бар балалардың медициналық оңалту қызметтерін алуға қол жеткізуін кеңейту;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою мерзімін қысқарту;
  • білім беру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын, сондай-ақ, орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша жаңа құзыреттер беру;
  • білім беру саласындағы уәкілетті органның орта білім беру ұйымдары үшін жекелеген пәндер бойынша базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді айқындау және бекіту жөніндегі функцияларын бекіту.

Мұнымен қатар, заң жобасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстың жеке жоспарларын жасау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәсіптік мінез-құлық этикасын сақтау бөлігінде әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін кеңейту қаралды. 

"Жәбірлеудің (буллинг/кибербуллинг), оның ішінде "жәбірлеу (буллинг)", "онлайн-платформа", "лездік хабарлар алмасу сервисі" ұғымдарын және білім беру мен ақпараттық салаларда профилактикалық іс-шараларды іске асыру тетіктерін заңнамалық тұрғыдан бекіту арқылы профилактикасына бағытталған түзетулер енгізді", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Алматыда 1 және 4-сыныпта оқитын балалардың 1 қыркүйектен бастап мектепте тегін тамақтанатыны туралы хабарлаған едік. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары