ҰҚК: Мәсімовтің тергеу изоляторындағы жағдайға шағымы жоқ
Ол заңнама аясында материалдық-тұрмыстық, дәрігерлік-санитарлық қажеттіліктерін алып отыр.Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауда өзіне жасалып отырған жағдайға шағым түсірген жоқ, деп хабарлады Sputnik ҚР ҰҚК-не сілтеме жасап. Еске салайық, Мәсімов мемлекетке сатқындық жасады және билікті басып алуға тырысты деген айыппен тұтқындалған болатын.
Таяуда әлеуметтік желіде Мәсімовтың денсаулығы нашарлауына байланысты оны босату қажеттігі туралы ақпарат тараған болатын.
"ҰҚК тергеу изоляторында Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында белгіленген материалдық-тұрмыстық, дәрігерлік-санитарлық қажеттіліктерін алып отыр. Оның тарапынан қамаудағы жағдайға, оның ішінде медициналық қажеттіліктерге қатысты ешқандай шағым түскен жоқ", – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
Мәсімовтың қамауда ұстау мерзімі 8 мамырға дейін ұзартылғанын еске саламыз.
Оқи отырыңыз: Данияр Әшімбаев Кәрім Мәсімовтың "батыстағы серіктері" туралы