Ұлытау өңіріндегі "Қазақмыс" кенішінде машинист қаза тапты
Арнайы комиссия 0айғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмысын жүргізіп жатыр."Қазақмыс" компаниясы 2023 жылдың 26 желтоқсанында кешкісін Ұлытау ауданындағы "Жыланды2 кенішінде болған апат туралы хабарлады.
"Компанияның мәліметінше, Шығыс Сары-Оба кенішінің учаскелерінің бірінде жүргізуші жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, 1992 жылы туған жүргізушіні абайсызда қағып кеткен. Машинист өлімге алып келген ауыр жарақат алған", – деп жазылған хабарламада.
Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: Орман өрті, шахтадағы апат, Нүкенованың өлімі: 2023 жыл қазақстандықтардың есінде немен қалады?
"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.