Тікелей эфир

Ұлытау өңіріндегі "Қазақмыс" кенішінде машинист қаза тапты

Арнайы комиссия 0айғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмысын жүргізіп жатыр.

"Қазақмыс" компаниясы 2023 жылдың 26 ​​желтоқсанында кешкісін Ұлытау ауданындағы "Жыланды2 кенішінде болған апат туралы хабарлады.

"Компанияның мәліметінше, Шығыс Сары-Оба кенішінің учаскелерінің бірінде жүргізуші жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, 1992 жылы туған жүргізушіні абайсызда қағып кеткен. Машинист өлімге алып келген ауыр жарақат алған", – деп жазылған хабарламада.

Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.


Оқи отырыңыз: Орман өрті, шахтадағы апат, Нүкенованың өлімі: 2023 жыл қазақстандықтардың есінде немен қалады?


"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктестер жаңалықтары