Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауқымды арнайы операциясы: қылмыстық топтың 72 мүшесі ұсталды
Олар Қытаймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда жұмыс істеген.Ұлттық қауіпсіздік комитеті түрлі топтың 72 мүшесін ұстады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.
«Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді», – деп жазылған хабарламада.
Топтар өз әрекеттерін:
- Қытаймен («Қорғас» ХШЫО);
- Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті);
- Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.
Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: "Автомат, тапанша, граната тәркіленді". Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.