Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни ағымды жақтаушыларды ұстады
Заттай дәлелдемелер табылды.Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымды жақтаушы Қазақстанның бес азаматы мен бір шетелдікті ұстады.
Терроризмге қарсы іс-шаралар тамызда Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында өткізілді.
"Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер арқылы және басқа да жолдармен таратты деген күдікке ілінді", – делінген хабарламада.
Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде үш граната бар.
"Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған. Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.