Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарладыҰҚК баспасөз қызметі.
Тергеу нұсқасы бойынша олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан.
"Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін бұрын сотталған. Тағы біреуі лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.
Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.