Ұлттық волонтерлер желісі Тоқаевты президентікке кандидат ретінде ұсынды
Волонтерлер мемлекет басшысына сенім білдірді.Ұлттық волонтерлік желісінің волонтерлік ұйымдарының жиналысында волонтерлер қазіргі уақыттағы мемлекет басшысын Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау және оны жаңа мерзімге президентке үміткер ретінде ұсыну бастамасын көтерді.
"Волонтерліктің дамуында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қосқан елеулі үлесін атап өту маңызды. Оның тікелей қолдауы нәтижесінде халықаралық және республикалық деңгейлерде волонтерлік қызметті дамыту бастамалары және бірқатар стратегиялық маңызды құжаттар қабылданды" делінген ҰВЖ баспасөз хабарламасында.
"Осы жылдар ішінде мемлекет басшысы еріктілік саласындағы барлық маңызды бастамаларды қолдай отырып, бірнеше рет волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың еңбегін жоғары бағалады және шын жүректен алғысын айтты. Президент волонтерлерге "ізгі ниеті мен таза ар-ожданы бар асыл адамдар" ретінде сенім артады. Қазақстан президентіне деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз", – деді Ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді