Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 21 шілдеден бастап күшіне мінеді.

Үлкен Алматы айналма жолымен қанша жол жүргеніне қарамастан, 1 сағат ішіндегі төлем құны:

  • жеңіл автомобильдер – 241,5 теңге;
  • 16-ға дейінгі жолаушыға арналған автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 276 теңге;
  • 32-ге дейінгі жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 483 теңге;
  • 32 және одан да көп жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 552 теңге;
  • жүк көтерімділігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 690 теңге;
  • жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп, оның iшiнде тiркемелерi бар жүк көліктері, ершікті тартқыштар – 759 теңге.

Оқи отырыңыз: Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды