Ашық НҚА порталында 2023-2027 жылдарға арналған жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы жарияланды. Жобада жергілікті атқарушы органдар Отбасы банкімен бірлесіп ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жас отбасыларға жеңілдетілген кредит беру бойынша өңірлік жобаларды енгізу бойынша ұсыныстар беретіні жазылған.

Тұжырымдама жобасына сәйкес, Қазақстанда жастарға арналған қолданыстағы ипотекалық бағдарламалардың бірқатар олқылықтары бар. Олар:

  • Қол жетімді тұрғын үй сатып алу бағдарламаларының шарттарына Мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерде жұмысқа орналасқан жастар ғана жатады.
  • Жалдамалы тұрғын үй елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың жұмыс істейтін жастары үшін ғана қолжетімді, олардың табысы 100 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар, "Жастар" ҒЗО жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша жастардың 15%-ға жуығы 100 мың теңгеден аз табысқа ие. 
  • Республиканың басқа қалаларында тұратын жастардың көпшілігі өңірлерде болмауына байланысты мұндай бағдарламаларға қатысудан автоматты түрде бас тартады.
  • "Дипломмен – ауылға" жобасы ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу үшін жекелеген мамандықтар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт; ветеринария, мемлекеттік қызмет) бойынша жіберілетін жастар үшін тұрғын үй сатып алуға елеулі көмек көрсетеді. Алайда, басқа салалардағы жұмыспен қамтылған жастардың және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қалған бөлігі бұл жобаға қатыса алмайды.

Жергілікті атқарушы органдар жаңа ұсыныстар әзірлеу барысында аталған кемшіліктерді ескеруі тиіс.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірлерінде және қандай отбасылар жиі ажырасады?