ҰБТ-ға дайындық үшін ата-аналардан 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды
Уәде еткен сабақтар болмаған соң, балалардың ата-аналары полицияға шағымданған.Алматыда ҰБТ-ға дайындаймын деп оқушылардың ата-аналарынан 10 миллион теңгедей ақша алып, артынша жоқ болып кеткен 22 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ж. есімді азамат жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының директоры атынан “әрекет еткен”. Келісімшарт талаптарына сәйкес, ата-анаға қызмет ақысы – 238 мың теңгені бөліп төлеуге болатын. Ал бала тестілеуден өтпей қалса, “мұғалім” ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде оқу орталығының негізін қалаушы жоқ болып кеткен. Балалар уәде етілген сабақтарды алмаған соң олардың ата-аналары полицияға көмек сұрап жүгінген.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші анықталды. Күдікті ұсталды. Қазір қамауда отыр", – деді, Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Оқи отырыңыз:
- ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай? Талапкерлерге арналған жадынама
- ҰБТ-2023: Менделеев кестесін қағазға шығарып пайдалануға рұқсат беріледі
- ҰБТ-да кімдер шет тілінен тест тапсырудан босатылады?
- ҰБТ-ға фитнес білезік пен смарт көзілдірік тағып баруға тыйым салынбақ
- 2023 жылы оқушылар мен студенттер қалай оқиды? Білім берудегі өзгерістерге шолу