Биыл ҰБТ тапсыруға өтініш берген талапкерлердің көбі бейіндік пән ретінде "Математика-Физика" комбинациясын таңдаған. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімедеді.

"Талапкерлер тестілеудің екі мүмкіндігі үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын таңдай алады. Қазіргі таңда талапкерлердің 18 пайызы – "Математика-Физика", 17 пайызы – "Биология-Химия", 13 пайызы – "Шығармашылық", 10 пайызы "Математика-Информатик пәндерін таңдады. Жылдағыдай, ең аз таңдалатын комбинация – "Химия-Физика", оны тек 218 бала таңдаған", – деді орталық директоры.

Кесте: Ұлттық тестілеу орталығы

Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсыру кезінде таңдау пәнін ауыстыруға бола ма?


Айта кетейік, биыл ҰБТ тапсыруға 166 мың талапкер өтініш білдірген.