2023 жылғы негізгі ҰБТ-да Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесін қағаз нұсқада пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.

"Химия" пәнін таңдаушылардың өтініші бойынша орталық мамандарымен талқылау жұмыстарын жүргіздік. Өздеріңіз білетіндей, "Химия" пәнін тапсырушыларға тестілеу компьютерінде Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесі ұсынылады. Алайда, көбіңіз оның қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат беруімізді сұрайсыздар. Мәселені әріптестермен зерттей отырып, 2023 жылғы негізгі ҰБТ-да Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқасын өзіміз шығарып, қалауыңыз бойынша қолдануға беру туралы шешім қабылдадық", – деп жазды орталық директоры.


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, биыл тесттегі жауап нұсқаларының санын азайту туралы шешім қабылданды. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды. Тестілеу форматында өзгерістер жоқ.