Қазақстандағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің шешімімен тұрғын үй кезегі бірыңғай республикалық базасы өшірілді, деп хабарлайды Крыша.

Тұрғын үй кезегіне тұру үшін енді Kezekte ақпараттық қызмет көрсету платформасына тіркелуі қажет. Ал кезекте тұрғандарға қайта тіркелудің қажеті жоқ.

"Отбасы банк" жаңа платформамен интеграциялау жұмыстарын 1 сәуірге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Осы кезеңде банк "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардан қарыз алуға өтініштер мен өтінімдерді қабылдамайды. Десе де қабылдау мерзімін ұзартуға уәде береді.


Оқи отырыңыз: Досаев тұрғын үй сертификатын тағы 500 мың теңгеге арттыруды ұсынды


Еске салсақ, адамды құтқару кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасына бір жылдан кешіктірмей үй беру ұсынылғаны туралы хабарлаған едік. Қандай да бір санатқа жататынына қарамастан, тұрғын үйге мұқтаж кез келген ҚР азаматы есепке тұра алады.